Петропавлда дрондарды басқаруға арналған жазғы лагерь ашылды
August 21, 2025 09:51

Петропавлда Geoscan Pioneer компаниясымен бірлесіп ұйымдастырылған дрондарға арналған жазғы лагерь өз жұмысын бастады. Сабақтар Креативті орталық пен SKO hub алаңдарында өтуде, деп хабарлайды QZ NEWS.

Лагерь бағдарламасында жас қатысушылар дрондардың қазіргі замандағы қолданылу мақсатын біліп, ұшу дағдыларын меңгереді. Оқыту бірнеше кезеңнен тұрады: алдымен балалар арнайы симуляторда жаттығып, кейін Geoscan Pioneer дрондарын тікелей басқаруға көшеді. Сонымен қатар, олар ұшу аппараттарын құрастыру мен бөлшектеуді үйреніп, олардың құрылымымен тереңірек танысады.

