Петропавлда жастар елдің негізгі заңы бойынша білімдерін сынап көрді

Петропавлдағы Креативті орталықтың саябағында Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл толуына орай «Әрекеттегі Конституция» атты құқықтық квест өтті, деп хабарлайды QZ NEWS.
Қатысушылар Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген негізгі құқықтары мен бостандықтар бойынша білімдерін сынап көрді.
Квестке қаланың белсенді жастарынан құралған 5 команда қатысты. Ерекшелігі – командалардың тәлімгері әрі капитаны ретінде прокуратура өкілдерінің қатысуы. Бұл шараның құқықтық мазмұнын күшейтіп қана қоймай, жастар мен құқық саласының мамандары арасында тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік берді.

Қатысушылар 4 тақырыптық станциядан өтті:
1. Заң күші – азаматтардың құқықтары мен міндеттері бойынша білімін тексеру;
2. Алғашқы көмек – дәрігерге дейінгі алғашқы жәрдем көрсету;
3. Заң әрпімен – құқықтық ребустар мен логикалық тапсырмалар;
4. Идентификация – сипаттама (бағыттама) бойынша адамды табу тапсырмасы.
Жастарға азаматтардың құқықтары мен міндеттері жөнінде сұрақтарға жауап беріп қана қоймай, сонымен бірге логика мен тапқырлық танытып, тақырыптық жұмбақтарды шешуге тура келді. Ойын достық атмосферада өтіп, елдің негізгі заңын үйрену қызықты өтті.

– Біз Конституцияны тану процесін қызықты әрі қолжетімді ету үшін квест форматын таңдадық. Жастар – елдің болашағы, олардың өз құқықтары мен міндеттерін білуі, түсінуі маңызды. Ойын арқылы олар командамен жұмыс істеуге, жедел шешім қабылдауға және құқықтық білімдерін тәжірибеде қолдануға үйренеді. Мұндай іс-шара есте қалып, пайдалы із қалдырады деп сенемін, – деді СҚО әкімдігі Қоғамдық даму және ақпарат орталығы Жастар бастамалары бөлімінің жетекшісі Анастасия Волкова.
