Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » «AMANAT» пен депутаттар 33 баланы мектепке дайындады

«AMANAT» пен депутаттар 33 баланы мектепке дайындады

August 22, 2025 10:37

1 қыркүйек қарсаңында «AMANAT» партиясының белсенділері мен облыстық, қалалық мәслихат депутаттары дәстүрлі «Баланы мектепке даярлайық» акциясын өткізді. Олар әлеуметтік осал топтағы отбасыларға қолдау көрсетіп, 33 балаға мектеп жиынтықтарын және кеңсе тауарлары мен киім алуға сертификаттар табыстады, деп хабарлайды QZ NEWS.

Акцияның мақсаты – әр отбасының жаңа оқу жылы алдында түсетін қаржылық жүктемесін азайту. Биылғы бастамаға депутаттар Ирина Эктова, Сауле Сұраганова, Галина Семёнова, Елена Семидоцких, сондай-ақ партия белсенділері Сауле Сүлейменова мен Олег Колтунов қосылды. Олар балалар мен ата-аналарын Білім күнімен жеке құттықтап, сыйлықтарын табыс етті.

«Балалы отбасыларды қолдау – жұмысымыздағы ең маңызды бағыттардың бірі. Біз жаңа оқу жылына дайындықтың отбасы бюджетіне айтарлықтай салмақ түсіретінін жақсы түсінеміз», – деп атап өтті «AMANAT» партиясы СҚОФ атқарушы хатшысының орынбасары Болат Данияров.

Ол сондай-ақ оқушыларға оқуда табыс, сенімді достар, арман-тілектерінің орындалуын және дана ұстаздар тіледі.

«Баланы мектепке даярлайық» акциясы партияның «Бақытты отбасы» жобасының бір бөлігі болып табылады және 2010 жылдан бері өткізіліп келеді. Оның мақсаты – аз қамтылған отбасылардың балаларына, сондай-ақ жетім балалар мен әлеуметтік қамқорлық мекемелерінің тәрбиеленушілеріне көмек көрсету.

Shares