Петропавлда жүк көлігі 72 жастағы әйелді қағып кетті
August 25, 2025 19:00

25 тамыз күні Петропавлдағы Егемен Қазақстан көшесінде орналасқан базарлардың бірінің автотұрағында жол-көлік оқиғасы болып, бір адам мерт болды, деп хабарлайды QZ NEWS.
СҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, «Volvo» жүк көлігі 72 жастағы әйелді қағып кеткен. Ол оқиға орнында көз жұмды.
Аталған дерек бойынша тергеу жүргізілуде.
