СҚО делегациясы «Qostanai Investment Forum 2025»-ке қатысты
August 25, 2025 18:05

Солтүстік Қазақстан облысының делегациясы «Qostanai Investment Forum 2025»-ке қатысты. Делегацияны СҚО әкімі аппаратының басшысы Руслан Әлішев бастап барды, сондай-ақ кәсіпкерлік, цифрландыру және ауыл шаруашылығы басқармаларының басшылары да барды, деп хабарлайды QZ NEWS.
Делегация құрамына ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың және «Qyzyljar» АЭА өкілдері де кірді.

Форумда жасанды интеллектті қолдану арқылы өңірлік экономиканы дамыту мәселелері талқыланды.

Пленарлық отырысқа Қостанай облысының әкімі, Цифрлық даму вице-министрі және Еуропалық Одақ елшілері қатысты.

