«Жүрек үні»: солтүстікқазақстандық «Sensitive» театры Қытайда ШЫҰ халықаралық сахнасында өнер көрсетпек

Солтүстік Қазақстан облысының ерекше шығармашылық ұжымы — елдегі жалғыз есту қабілеті шектеулі бишілер ансамблі «Sensitive» би театры Қытайдың Тяньцзинь қаласында өтетін «ШЫҰ кездесуі — жүрек үні» атты халықаралық мәдени шарада өнер көрсетеді, деп хабарлайды QZ NEWS.
Фестиваль 23–29 тамыз аралығында Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммиті аясында өтуде. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен 27 тамызда петропавлдық ұжыммен бірге бір сахнада есту қабілеті төмен балалардан құралған «Кішкентай дельфиндер» хоры да өнер көрсетеді.

Олардың бірлескен қойылымы – рухтың мықтылығын, тең мүмкіндіктерді және шекара танымайтын өнер тілін паш ететін жүрекке әсерлі үндеу. Бұл қойылым жүрек үнінің кез келген сөзден де зор екенін жеткізеді.
