Петропавлдықтар «Таза Қазақстан» Telegram-ботын белсенді қолдануда

Облыс орталығы тұрғындары арасында «Таза Қазақстан» телеграм-боты белсенді пайдаланылуда. Жыл басынан бері оған 142 өтінім түсті. Қала әкімі Серік Мұхамедиевтің айтуынша, кезекті мәслихат сессиясында барлық өтініштер жедел қаралып, уақтылы шешімін табуда, деп хабарлайды QZ NEWS.
Қала басшысы атап өткендей, өтініштердің негізгі бөлігі жолдарды жөндеуге және қоқыс шығаруға қатысты. Сондай-ақ ол жыл басынан бері «Таза Қазақстан» акциясы аясында қалада жастар бастамалары, сенбіліктер және ағаш отырғызуды қоса алғанда 887 іс-шара өткізілгенін жеткізді.
«Қаланы абаттандыруға арналған үш айлық барысында полигонға 350 тонна қоқыс шығарылды. Ол үшін апта сайын 10 арнайы техника — 6 КамАЗ және 4 тиегіш тартылды. «Таза Қазақстан» акциясы басталғалы бері ТКШ секторына заңсыз қоқыс орындарын жою және ірі көлемді қалдықтарды шығару бойынша 215 өтініш, сондай-ақ жол жөндеуге қатысты 37 өтінім түсті. Барлық өтініш толықтай орындалды. «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы жұмыс тұрақты түрде жалғасуда», — деді қала әкімі.
