СҚО әкімі «Sensitive» театрын ШЫҰ халықаралық сахнасындағы жеңісімен құттықтады

«Sensitive» би театры Шанхай ынтымақтастық ұйымының халықаралық сахнасында СҚО атынан лайықты өнер көрсетіп, тек өңірдің ғана емес, бүкіл Қазақстанның мақтанышына айналды, деп хабарлайды QZ NEWS.
Триумфалды қойылымнан кейін ұжымды облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов құттықтады. Ол театр әртістерінің ерекше рух күші мен кез келген жанды бейжай қалдырмайтын талантына тоқталды.
«Мен біздің жастарымызбен мақтанамын және инклюзивті шығармашылықты қолдайтын барлық жанға шын жүректен алғыс айтамын. Шабыттанып армандап, алға ұмтыла беріңіздер — бүкіл Солтүстік Қазақстан сіздермен бірге!», — деп атап өтті әкім.

Іс-шара аясында «Sensitive» театры Қытай Халық Республикасынан келген «Кішкентай дельфиндер» инклюзивті ұжымымен бірлескен қойылым қойды. Бұл әріптестік өнердің елдер мен мәдениеттер арасындағы шекараны жойып, өзара түсіністік пен диалогқа жол ашатындығының жарқын үлгісіне айналды.
