Петропавл полициясы Конституция күніне орай күшейтілген режимге көшті

Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығы қарсаңында Петропавл полициясы қызмет атқарудың күшейтілген режиміне көшті. Енді күн сайын 500-ден астам полицей қала тұрғындары мен өңір қонақтарының қоғамдық қауіпсіздігін қадағалайды. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов өткізген гарнизондық саптық қарау барысында белгілі болды, деп хабарлайды QZ NEWS.
Шараға сондай-ақ IT-мектеп-лицейінің «полиция сыныбының» оқушылары қатысып, ішкі істер органдарының ардагерлерімен бірге алдағы мерекеге арналған флешмоб ұйымдастырды.

Сонымен қатар, полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов қызметінде ерекшеленген әскери қызметшілерді алғыс хаттармен марапаттап, жеке құрамға қырағылық пен жауапкершіліктің маңыздылығын еске салды.
«Сіздің іс-әрекеттеріңіз өтініштер мен шақыруларға дер кезінде ден қоюға тікелей әсер етеді, – деп атап өтті ол. – Қала тұрғындары полицияның тыныштықты қорғайтынына және көшелерде тәртіп сақталатынына сенімді болуы тиіс».

Саптық қарау аяқталған соң оркестр әуенімен полицейлер мен әскери қызметшілер салтанатты шерумен өтіп, қала көшелерінде қызмет атқаруға кірісті. Күшейтілген режим мереке күндері тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығын барынша қамтамасыз етуге бағытталған.

