Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда тазалық үшін жаңа технологиялар мен айыппұлдар қолданылуда

Петропавлда тазалық үшін жаңа технологиялар мен айыппұлдар қолданылуда

August 27, 2025 14:59

Рұқсатсыз қоқыс үйінділері мәселесі облыс орталығындағы ең өзекті проблемалардың бірі болып отыр. Осыған байланысты жергілікті билік жаңа технологияларды енгізіп, бақылауды күшейтуде. Биыл спутниктердің көмегімен 9 қоқыс орны анықталып, жойылды, деп хабарлайды QZ NEWS.

Қала әкімі Петропавл қалалық мәслихатының сессиясында хабарлағандай, тұрғындардың өтініштері мен тексерістер барысында 39-дан астам қоқыс үйіндісі жиналды, бұл 320 тоннадан артық қоқыс. Осы мақсаттарға 36 млн теңге бөлінген.

«Мұнда учаскелік инспекторлардың жұмысы да маңызды рөл атқарады: жыл басынан бері 57 рейд жүргізіліп, 4,8 мыңнан астам құқықбұзушы қоқыс тастау және абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды. ҚР ӘҚБК-нің 434-2-бабы («Қоғамдық орындарды ластағаны үшін») бойынша 878 құқықбұзушыға жалпы сомасы 25 млн 594 мың 430 теңге айыппұл салынды. Ал 505-бап («Қаланы абаттандыру ережелерін бұзу») бойынша 3 987 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, оның ішінде 3 826 адамға ескерту жасалды, 117 құқықбұзушыға 10 млн 407 мың 800 теңге көлемінде айыппұл салынды», – деді қала әкімі.

Shares