Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда Конституция күніне арналған тегін заңгерлік кеңестер өтті

Петропавлда Конституция күніне арналған тегін заңгерлік кеңестер өтті

August 30, 2025 10:26

Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай Петропавлда ашық алаңда акция ұйымдастырылып, қала тұрғындары тегін заңгерлік және психологиялық кеңестер алды, деп хабарлайды QZ NEWS.

Акцияның ұйымдастырушылары – «Қоғамдық даму және ақпарат орталығы» КММ жанындағы жастар бастамалары бөлімі мен «Birgemiz» волонтёрлік фронт-кеңсесі, сондай-ақ оған Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасы қолдау көрсетті. Басты мақсат – тұрғындарға білікті құқықтық және психологиялық көмек көрсету, құқықтық сауаттылықты арттыру және Конституцияға құрметпен қарауды жастайынан қалыптастыру болды.

Прокуратура мамандары тұрғындарға тұрғын үй қатынастары, мұрагерлік істер, еңбек заңнамасы, сондай-ақ қылмыстық және азаматтық құқық бойынша кеңестер берді. Ал психолог жеке әңгімелесу арқылы күйзелісті азайтуға, мазасыздықты жеңілдетуге және тұлғааралық мәселелерді шешуге көмектесті.

Кеңес беру шарасымен қатар «Конституция балалар көзімен» атты балалар суреттері байқауы өтті. Оны «JE SKO штабы» ҚБ-мен бірлесіп ұйымдастырды. Жас суретшілер өз туындыларында құқықтар мен бостандықтарды, бейбітшіліктің маңызын өзінше бейнеледі. Барлық қатысушыларға мақтау қағаздары мен тәтті сыйлықтар – «Қазақстан» шоколады табыс етілді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар құқықтық мәдениетті нығайтуға, азаматтық белсенділікті арттыруға ықпал етіп, білікті көмекті өңір тұрғындары үшін қолжетімді әрі түсінікті етеді.

Shares