Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Серік Мұхамедиев: «Бүгінгі барлық жетістіктер – заңға негізделген тұрақтылық пен халық бірлігінің нәтижесі

Серік Мұхамедиев: «Бүгінгі барлық жетістіктер – заңға негізделген тұрақтылық пен халық бірлігінің нәтижесі

August 30, 2025 09:18

Петропавл қалалық әкімдігінде Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған салтанатты марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды QZ NEWS.

Қала әкімі Серік Мұхамедиев Негізгі Заң – мемлекеттің тәуелсіздігі мен тұтастығының берік іргетасы, ең басты құндылығы екенін атап өтті.

«Конституцияда әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтары бекітілген, ел дамуының басты бағыттары айқындалған. Бүгінгі барлық жетістіктер – заңға негізделген тұрақтылық пен халық бірлігінің нәтижесі. Осы мерейлі күні сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, еңбектеріңізге табыс тілеймін! Елімізде әрдайым бейбітшілік пен келісім орнасын, бірлігіміз мығым, тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын», – деп құттықтады Серік Мұхамедиев.

Әртүрлі саладағы жетістіктері үшін облыс орталығының әкімі қалалық әкімдіктің 19 маманына алғыс хаттар мен құрметті марапаттар табыс етті.

Shares