Петропавлда бала эскалатордан құлап кетті: полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр

27 тамыз күні Петропавлдағы ойын-сауық орталықтарының бірінде қайғылы жағдай орын алды – 8 жасар бала эскалатордан құлап түсті. Солтүстік Қазақстан облысының полициясы баланың дене жарақатын алу фактісі бойынша тексеріс бастады, деп хабарлайды QZ NEWS.
«Алдын ала мәлімет бойынша, құлау кезінде бала ересектердің қарауынсыз болған. Қазіргі уақытта полицейлер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, ойын-сауық орталығының келушілер үшін қаншалықты қауіпсіз екенін зерттеп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша іс жүргізу шешімі қабылданады. Сонымен қатар, кәмелетке толмаған баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін ата-анасын жауапкершілікке тарту мәселесі қаралуда», – деп мәлімдеді СҚО ПД баспасөз қызметі.
