Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да дәрігерлер алғаш рет жасөспірімге донор саусағынан тері жамылғысын көшіріп салды

СҚО-да дәрігерлер алғаш рет жасөспірімге донор саусағынан тері жамылғысын көшіріп салды

August 28, 2025 17:54

Солтүстік Қазақстан облыстық балалар ауруханасының хирургтері алғаш рет донор саусағынан тері жамылғысын көшіру арқылы бірегей ота жасап, медицинада үлкен жетістікке қол жеткізді. Бұған дейін мұндай күрделі операция тек Астанада және тек ересек пациенттерге ғана жасалған болатын, деп хабарлайды QZ NEWS.

Жас пациент ауруханаға ауыр жарақатпен түсті: оның саусағын мотоциклдің тізбекті механизмі толық қысып қалған. Сүйек тіні сақталғанымен, жұмсақ тіндер қатты зақымданған.

«Cross finger flap» деп аталатын ота зақымданған саусақты қалпына келтіруге мүмкіндік берді. Әдістің мәні – хирургтер терінің жамылғысын көрші сау саусақтан қан айналымын сақтай отырып көшіреді. 21 күн ішінде жаңа ұсақ тамырлар қалыптасқанша, жамылғы донор саусағына бекітілген күйде болады. Травматолог-ортопед Әділ Тіналиновтың айтуынша, бұл өте күрделі әрі нәзік жұмыс.

Айта кетейік, Қазақстанда 18 жасқа дейінгі балаларға медициналық қызметтердің барлығы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында тегін көрсетіледі. Бұл өз кезегінде жоғары технологиялы көмекті әрбір бала үшін қолжетімді етеді», – деп мәлімдеді СҚО бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ филиалының баспасөз қызметі.

Shares