Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да полицейлер есінен танып қалған жүргізушіні құтқарып қалды

СҚО-да полицейлер есінен танып қалған жүргізушіні құтқарып қалды

August 5, 2025 16:14

Солтүстік Қазақстан облысында патрульдік полицейлер көлік тізгінінде есінен танып қалған жүк көлігінің жүргізушісіне көмек көрсетті. Оқиға Көкшетау – Рузаевка автожолының 141-шақырымында орын алды, деп хабарлайды QZ NEWS.

Оқиға туралы хабар куәгерлерден түскен. Оқиға орнына жеткен полицейлер Ерлан Данкин мен Нұрлан Қожахметов Renault маркалы жүк көлігін жол жиегіне түсіп кеткен жерден тапты. Рөлде отырған 67 жастағы шетел азаматы ауыл шаруашылығы техникасын Көкшетауға жеткізіп келе жатқан. Ер адамның айтуынша, кенет өзін жайсыз сезініп, есінен танып қалған.

Полицейлер дереу жедел жәрдем шақырып, жүргізуші аудандық ауруханаға жеткізілді. Сонымен қатар, патрульдік полиция батальонының қызметкерлері ауылдық округтің әкімімен байланысып, жүк көлігін эвакуациялау үшін арнайы техника ұйымдастыруға көмектесті.

Фура жол жиегінен шығарылып, жақын маңдағы ЖШС аумағына жеткізілді. Кейіннен жүктің алушы компаниясының өкілдерімен байланысқа шығып, ауыл шаруашылығы техникасы соларға тапсырылды.

Shares