Қызылжар ауданында ана мен бала тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғалды

Қызылжар аудандық полициясы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған әйел мен оның қызын қорғай алды. Бұған дейін бірнеше рет агрессивті әрекеттері үшін жауапқа тартылған ер адам отбасы мүшелерін үрейде ұстап келген. Әйел оның жанынан кетуге қаржылық тәуелділігіне байланысты батылы жетпеген, деп хабарлайды QZ NEWS.
Аудандық учаскелік инспектордың жедел әрекеті нәтижесінде ана мен бала қауіпсіз жерге орналастырылды. Оларға әрі қарай қолдау көрсету ісімен аға инспектор Айгерім Әубәкірова айналысты.
Оның көмегімен әйел аудан кәсіпорындарының бірінен жұмыс тауып, жатақханадан баспана алды. Ал күйеуіне отбасыға жақындауға тыйым салатын қорғау нұсқамасы берілді. Кәсіпорын әкімшілігі мен күзет қызметі әйелді күйеуі іздеуі мүмкін екендігі жөнінде алдын ала ескертті.
