Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да ауыл тұрғынына синтетикалық есірткі таратқаны үшін 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр

СҚО-да ауыл тұрғынына синтетикалық есірткі таратқаны үшін 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр

July 22, 2025 15:02

Аққайың ауданында полицейлер синтетикалық есірткі таратты деген күдікпен 28 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды QZ NEWS.

СҚО ПД мәліметінше, күдікті «Қарасора — 2025» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында облыстық прокуратураның үйлестіруімен қолға түсті. Ер адам ауылдық елді мекендердің бірінде 1 грамм спайсты сатпақ болған сәтінде ұсталған.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Ауыл тұрғыны 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сонымен қатар, полицейлер заңсыз қару сақтау фактісі бойынша да материалдар жинап жатыр: күдіктінің үйін тінту кезінде тіркелмеген 12 калибрлі тегіс ұңғылы мылтық табылған.

«Полицейлер синтетикалық каннабиноидтердің қауіптілігін ерекше атап өтеді: 1 грамм спайстың құрамында әсер етуші заттың концентрациясына байланысты бірнеше доза болуы мүмкін. Мұндай есірткілердің әсері болжаусыз, тіпті микроскопиялық мөлшердің өзі денсаулыққа аса ауыр зардап келтіруі мүмкін», — дейді СҚО ПД өкілдері.

Жыл басынан бері СҚО-да полицейлер заңсыз айналымнан 43 келі түрлі есірткі заттарын тәркілеген, оның 4 келіден астамы — синтетикалық есірткілер.

Shares