Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » «Өзін де солай іліп қою керек». Тазымен қатыгездік жасаған алматылық жұрттың ашуын туғызды

«Өзін де солай іліп қою керек». Тазымен қатыгездік жасаған алматылық жұрттың ашуын туғызды

July 21, 2025 16:27

Әлеуметтік желілерде үй жануарына жасалған кезекті қатыгез әрекеттің видеосы тарап кетті. Ер адам тазы тұқымды итіне мойны мен аяқтарынан арқан байлап, спорттық құрылғыға іліп қойған күйі кетіп қалған. Иттің қыңсылағаны естіліп тұр, деп хабарлайды QZ NEWS Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Видеодан иттің шынжырмен «швед қабырғасына» тігінен байланғаны және қиналып қыңсылап тұрғаны көрінеді. Куәгерлердің айтуынша, өтіп бара жатқан адамдар иесінің бұл әрекетіне ескерту жасаған, бірақ ол агрессиямен жауап беріп, «итті осылайша созып жатырмын» деп түсіндірген. Бұл оқиғаға желі қолданушылары да наразылық білдірді.

Желіде жазылған пікірлер:

  • «Итті тартып алу керек. Қыңсылаған даусының өзі жүректі ауыртады».
  • «Мейірімсіз адам екен».
  • «Үйде не істейтіні енді түсінікті болды».
  • «Қатаң жазалап, өзін де солай іліп қою керек».

Алматы қалалық полиция департаменті бұл оқиға бойынша тексеру жүргізілгенін хабарлады.

«Тексеру нәтижесінде ер адамға қатысты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шаралар қабылданды. Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деді ведомство өкілдері.

Алайда ер адамның нақты қай бап бойынша жазаланғаны полицияда нақтыланбады.

Shares