Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да ауылдарды қорғау үшін ерікті өртке қарсы бекет ашылды

СҚО-да ауылдарды қорғау үшін ерікті өртке қарсы бекет ашылды

September 4, 2025 17:25

«Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында Ғабит Мүсірепов атындағы аудандағы Ставрополка ауылында жаңа ерікті өртке қарсы бекет жұмысын бастады. Ол «Намыс» ЖШС базасында құрылып, жергілікті билік қарамағына берілді, деп хабарлайды QZ NEWS.

Ашылу рәсіміне Төтенше жағдайлар вице-министрі Рамиль Камалов қатысты. Ол министрліктің алдағы уақытта да еріктілерге қажетті техника, арнайы киім және заманауи жабдықпен қолдау көрсететінін атап өтті.

«Ерікті өртке қарсы бекеттерді дамыту әсіресе ауылдық жерлер үшін маңызды. Бұл тұрғындардың қауіпсіздік деңгейін едәуір арттырып, төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді», – деді Рамиль Камалов.

ЕӨБ құрамында 6 ерікті бар. Бекет жаңа өрт сөндіру техникасымен, заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған. Бұл бөлімше үш елді мекеннің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Онда 1800-ден астам адам тұрады.

Shares