СКО-да көлде балалар мінген қайық аударылып қалды

Солтүстік Қазақстан облысында Ахиповка көлінде қатты жел салдарынан қайығы аударылып қалған екі бала құтқарылды, деп хабарлайды QZ NEWS.
Мамлют ауданының Покровка ауылынан шыққан 12-13 жастағы үш бала балық аулауға барған. Қайық аударылған кезде жағада қалған бір бала 112 нөміріне қоңырау шалып, көмек шақырған.
«Күшті толқынның салдарынан бала нақты орналасқан жерді айта алмады. Жедел кезекші оны сабырға шақырып, жергілікті жерге қатысты сұрақтар қойып, құтқарушылар тобы үшін координаттарды анықтай алды», – делінген хабарламада.
Оқиға орнына жеткен ТЖД және полиция қызметкерлері балаларды аман-есен жағаға шығарды. Аударылған қайыққа жармасып тұрған балалар қатты тоңып қалғандықтан, олар жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.
