Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда «Otbasy Fest» отбасылық фестивалі өтті

Петропавлда «Otbasy Fest» отбасылық фестивалі өтті

September 8, 2025 19:03

Пестрое көлінің жағасында, «Солтүстік жұлдызы» стелласының жанында «Otbasy Fest» отбасылық фестивалі ұйымдастырылды. Іс-шараны Отбасы банкі Qyzyljar Creative Center және Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен өткізді, деп хабарлайды QZ NEWS тілшісі.

Фестиваль қуаныш пен бірлік атмосферасын қалыптастырып, облыс орталығының отбасыларын біріктірді. Оның басты мақсаты – отбасылық құндылықтарды нығайту, саламатты өмір салтын насихаттау болды.

Қонақтар үшін мазмұнды бағдарлама әзірленді:

  • Qyzyljar Creative Center резиденттерінің шығармашылық өнер көрсетулері: әндер, билер және цирктік шоу.
  • Фотосурет аймақтары, ойын алаңдары мен тәтті сыйлықтардан тұратын интерактивті аймақтар.
  • Балаларды ойындар мен байқаулар арқылы қуантқан аниматорлары бар балалар алаңы.
  • Отбасылық спорттық эстафеталар, онда командалар ептілік пен жылдамдықта сынға түсті.

Мереке соңында достық пен бірлікті бейнелеген жаппай батпырауық ұшыру көрінісі болды. Көкке көтерілген түрлі-түсті батпырауықтар қатысушыларға ұмытылмас әсер сыйлады.

Shares