Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СКО-да өңірлерде туризмді дамыту туралы Президент бастамасын қолдады

СКО-да өңірлерде туризмді дамыту туралы Президент бастамасын қолдады

September 8, 2025 18:12

Қазақстан Республикасы Президенті өзінің Жолдауында туризм саласын белсенді дамытуға шақырды. Ол міндеттерді нақты бөлу қажеттігін атап өтті. Енді туризм инфрақұрылымын кешенді дамыту жергілікті атқарушы органдардың тұрақты басымдығы әрі жауапкершілігі болмақ. Ал орталық деңгейде халықаралық туристерді тартуға және туризм саласындағы саясатты заңнамалық тұрғыда қамтамасыз етуге баса назар аударылады. Бұл идея СҚО-да үлкен қолдау тапты. Өз пікірін СҚО Туристік қауымдастығының төрағасы Владимир Витченко білдірді, деп хабарлайды QZ NEWS.

«Қазақстанның барлық өңірінің өзіндік ерекшелігі бар. Біздің облыстың да ерекшелігі бар. Осы жерде алғаш рет жылқы қолға үйретілген. Бізде табиғи сұлулығымен көз тартатын Имантау-Шалқар курорттық аймағы бар. Сонымен қатар, біз Қазақстанның солтүстік қақпасы болып табыламыз, мұнда табиғат сұлулығын ғана емес, Қазақстанның мәдени, тарихи әрі туристік келбетін де көрсетеміз. Меніңше, міндеттердің жергілікті атқарушы органдарға жүктелуі және мемлекет тарапынан инвестициялар тартылуы біздің өңір үшін үлкен серпіліс береді. Президент тек танымал орындарды ғана емес, жаңа бағыттарды да дамыту қажет екенін айтты», — деді Владимир Витченко.

Shares