Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » «Жеңіл ақша» үшін 7 жыл: Петропавл тұрғыны есірткі сатқаны үшін сотталды

«Жеңіл ақша» үшін 7 жыл: Петропавл тұрғыны есірткі сатқаны үшін сотталды

September 11, 2025 12:29

Петропавлда синтетикалық есірткі сату күдігімен 32 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды QZ NEWS.

СҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, күдіктіден 48 грамнан астам A-PVP және 23 грамм мефедрон тәркіленген. Сонымен қатар ер адам апаруы тиіс жасырын орыннан осы заттардың 500 грамнан астамы табылды. Күдікті әлеуметтік желіден «қосымша табыс» туралы хабарландыруды көріп, фасовщик болуға келісіп, онлайн-оқудан өткенін айтты. Алайда ол уәде етілген «жеңіл ақшаны» алмай тұрып, қылмыс үстінде қолға түсті.

Сот ер адамды 7 жылға бас бостандығынан айырды. Үкім заңды күшіне енді.

Биылғы жылдың 8 айында Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер 196 есірткі қылмысын анықтады, оның 94-і сату фактісі. Заңсыз айналымнан 475 келіден астам есірткі, соның ішінде 4 келіден астам синтетикалық түрі тәркіленді.

Shares