Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да 150 млрд теңгелік ірі инвестжоба іске қосылады

СҚО-да 150 млрд теңгелік ірі инвестжоба іске қосылады

September 11, 2025 10:53

СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Solidcore Resources компаниясының бас атқарушы директоры Виталий Несиспен жұмыс кездесуін өткізді. Кездесудің негізгі тақырыбы стратегиялық маңызы бар «Сырымбет» қалайы кен орнын игеру жобасын талқылау болды, деп хабарлайды QZ NEWS.

Жобаның жалпы инвестиция көлемі 150 млрд теңгені құрап, оны өңір тарихындағы ең ірі жобаға айналдырады. Оның жүзеге асырылуы облыстың экономикалық дамуына серпін беріп, 800-ден астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Өндірісті білікті кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында Solidcore Resources құрамына кіретін «Tin One Mining» АҚ мен Айыртау ауданының агротехникалық колледжі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл – болашақ мамандарды даярлаудағы маңызды қадам.

Өндірісті іске қосу 2028 жылға жоспарланған. Жоба өңір үшін аса маңызды және оның жүзеге асырылуы Мемлекет басшысының бақылауында.

Shares