Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да үш ауыл тұрғыны өрттен қаза тапты

СҚО-да үш ауыл тұрғыны өрттен қаза тапты

September 18, 2025 10:23

Мағжан Жұмабаев ауданына қарасты Полтавка ауылында болған өрттен үш ауыл тұрғыны көз жұмды. СҚО ТЖД хабарлауынша, жеке тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабар 17 қыркүйек күні кешке «112» қызметіне түскен. Оқиға орнына өрт сөндірушілер жедел жеткен, деп хабарлайды QZ NEWS.

«Құтқарушылар жеткен сәтте үй толықтай жалынға оранған еді. Өртті сөндіру барысында 58 жастағы әйел мен 44 және 46 жастағы екі ер адамның мәйіті табылды», — деп мәлімдеді ТЖД өкілдері.

Өрт салдарынан аумағы 40 шаршы метр болатын құрылыс толығымен жойылған. Тілсіз жауды сөндіруге сегіз құтқарушы мен үш арнайы техника жұмылдырылды.

СҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Shares