Г. Мүсірепов атындағы ауданда зейнеткерге МӘМС аясында жедел түрде медициналық көмек көрсетілді

Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның зейнеткері Галина Иванова қатты тіс ауруымен дәрігерге жүгінді. Ол шұғыл түрде көпсалалы қалалық жедел жәрдем ауруханасына жеткізіліп, онда оған тісін жұлу отасы жасалды, деп хабарлайды QZ News.
«Галина Иванованың тісі бірнеше күн бойы мазалап жүрді. Тексерістен кейін стоматолог оны жұлуға шешім қабылдады. Қазір қызыл иегінің ісігі басылып келеді, бірнеше күннен кейін үйіне шығарылады», — деді жақ-бет хирургиясы бөлімшесінің дәрігері Бағдат Шағдаров.
Емдеу Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында жүргізілді.
Айта кетейік, жоспарлы стоматологиялық көмекке құқығы барлар:
- балалар;
- жүкті әйелдер.
Бұл көмекке тұрақты тексерулер, алдын алу шаралары, тіс жегісін емдеу, қарапайым және күрделі тіс жұлу, пломба қою кіреді.
Жедел стоматологиялық көмек көрсетілетіндер:
- 18 жасқа дейінгі балалар;
- жүкті әйелдер;
- ҰОС ардагерлері мен мүгедектер;
- «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегері көпбалалы аналар;
- атаулы әлеуметтік көмек алушылар мен жасына байланысты зейнеткерлер;
- жұқпалы және әлеуметтік маңызы бар аурулары бар науқастар;
- бала мүгедегіне немесе бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтім жасайтын жұмыс істемейтін тұлғалар.
