Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО спорт мектеп-интернатында баланы буллингке ұшырату фактісі расталмады

СҚО спорт мектеп-интернатында баланы буллингке ұшырату фактісі расталмады

September 19, 2025 18:00

Солтүстік Қазақстан облыстық олимпиадалық резервтегі спорт мектеп-интернат-колледжіне бір оқушының анасы ұлына жоғарғы сынып оқушылары тарапынан буллинг жасалып, дене жарақаттары болғаны туралы шағым түсірген. Мектеп әкімшілігі ішкі тексеріс жүргізіп, бұл туралы құқық қорғау органдарына хабарлаған, деп хабарлайды QZ NEWS.

СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, жетінші сынып оқушысы мен екі сегізінші сынып оқушысы арасында сөзге келу негізінде жанжал шыққан. Алайда жүйелі түрде буллинг жасау, ақша бопсалау немесе қорқыту фактілері расталмаған.

– Жиналған материалдардың нәтижесі бойынша құқық қорғау органдары КММ-ге ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы («Кәмелетке толмаған адамның құқықтары мен (немесе) мүдделерін қорғау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оны тәрбиелеу және (немесе) оқыту жөніндегі міндеттерді орындамау») бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Жүйелі буллинг, бопсалау немесе қорқыту фактілері анықталған жоқ. Дегенмен, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін тиісті деңгейде қамтамасыз ету үшін КММ әкімшілігі мұндай жағдайлардың қайталанбауына бағытталған нақты шаралар қабылдады, – деп хабарлады СҚО ПД.

Shares