Солтүстік Қазақстан облысында өнімнің шамамен 50%-ы жиналды
September 19, 2025 10:19

Солтүстік Қазақстан облысы егін жинау науқаны қарқынды жүргізілуде. Бүгінгі таңда егістік алқаптарының шамамен 50%-ы – 1,5 млн гектар дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналды, деп хабарлайды QZ NEWS.
Орташа өнімділік гектарына 16,9 центнерді құрап отыр, ал жалпы бастырылған астық көлемі 2,5 млн тоннадан асты. Жинау жұмыстары аграрийлердің бірлескен еңбегі мен мемлекет қолдауының арқасында тиімді жүргізілуде.
Бұған дейін облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Президентке биылғы науқан барысы жөнінде баяндап, жалпы егін жинау алқабы 4,3 млн гектарды құрайтынын атап өткен болатын.
