Суды өшіру кезеңін қалай еңсеруге болады: петропавлдықтарға кеңестер

Петропавлда 20 қыркүйек сағат 00:00-ден 21 қыркүйек сағат 22:00-ге дейін су құбыры желілерін шаю және дезинфекциялау бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілуіне байланысты су беру тоқтатылады. Қала билігі тұрғындарды алдын ала дайындалып, жеткілікті мөлшерде су жинап қоюға шақырады, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Судың өшірілуі – әрқашан күтпеген жағдай, ол күнделікті өмір ырғағын бұзып, қолайсыздық тудыруы мүмкін. Бірақ абыржудың қажеті жоқ! Аз ғана жоспарлау, тапқырлық және редакциямыздың бірнеше кеңесі бұл кезеңді барынша жеңіл еңсеруге көмектеседі.
Суды үнемдеу – басты міндет. Ең алдымен, су қорын жасап алу қажет. Қолдағы барлық ыдыстарды толтырыңыз: ванна, шелек, кастрөл, бөтелке. Өсімдіктерді суаруға, кір жууға немесе еден жууға суды қолданбауға тырысыңыз.

Гигиена. Күнделікті ұзақ душ қабылдаудың орнына денені тазарту үшін ылғалды сулықтарды пайдаланыңыз. Шашты сергітіп, көлем беру үшін қыз-келіншектерге құрғақ сусабын қолдануға болады.

Тамақ. Көп су қажет етпейтін тағамдарды дайындаңыз. Салаттар, жаңа піскен көкөністер, жемістер, көк-шөп – дәрумендерге бай әрі пісіруді қажет етпейді. Сэндвичтер – жылдам әрі қолайлы ас. Жұмыртқа – омлет, қуырылған немесе қайнатылған түрінде суды көп қажет етпейтін пайдалы тағам.

Бір реттік ыдыс. Бұл кеңес біреулерге тосын көрінуі мүмкін, бірақ өте тиімді. Су жоқ кезде ыдыс жуу қиындайды. Оны тек легенде, әрі жеткілікті су қоры болса ғана жууға тура келеді. Сондықтан лас ыдыс жиналып қалмас үшін осы кезеңде бір реттік ыдыстарды пайдаланған жөн.

Таза ауадағы демалыс. Судың өшірілуі – табиғат аясында серуендеуге, саяжайға баруға немесе шағын пикник ұйымдастыруға тамаша себеп.

Суды өшіру – уақытша қолайсыздық қана. Оны ақылмен және дұрыс жоспарлау арқылы жеңіл еңсеруге болады.
