Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » World Clean Up Day: Мамлют ауданында 250 ағаш отырғызылып, 10 текше метр қоқыс жиналды

World Clean Up Day: Мамлют ауданында 250 ағаш отырғызылып, 10 текше метр қоқыс жиналды

September 20, 2025 19:11

Мамлют ауданы халықаралық World Clean Up Day акциясына қосылды. Акцияға 700-ден астам адам, оның ішінде мемлекеттік мекеме қызметкерлері, еріктілер мен жергілікті тұрғындар қатысты, деп хабарлайды QZ NEWS.

Сенбілік аясында 250-ден астам көшет отырғызылып, 10 текше метрден астам қатты тұрмыстық қалдық жиналды. Бірлескен күш-жігердің арқасында қоғамдық аумақтар тазартылып, ауданның көгалдандыруына үлес қосылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, акция бірлік пен ынтымақ атмосферасында өтіп, жоғары деңгейдегі экологиялық жауапкершілікті және азаматтық белсенділікті көрсетті.

Shares