Булаев қаласында «Терроризмге жол жоқ» акциясы өтті

Булаев қаласының Орталық паркінде «Терроризмге жол жоқ» ұранымен кең ауқымды акция өтті. Шара Қарттар күні қарсаңында ұйымдастырылып, «Таза Қазақстан» экологиялық науқаны аясындағы жалпықалалық сенбіліктің бір бөлігі болды, деп хабарлайды QZ NEWS.
Аудан әкімі бастаған акцияға мемлекеттік және жекеменшік ұйымдардың өкілдері, еріктілер мен қаладағы қарт тұрғындардан құралған шамамен 70 адам қатысты.

«Қоғамымыздың күші — бірлікте, бейбітшілікте және келісімде. «Біз – бір халықпыз!» деген ұранмен біз өзара құрмет пен қолдау арқылы ғана кез келген зорлық-зомбылық пен қауіп-қатерге қарсы тұра алатынымызды көрсетеміз. Бейбітшілік пен келісім – тек қана құндылық емес, ол – тұрақты болашақтың негізі», – деді Рахат Смағұлов.
Акцияның басты мақсаты — халық арасында діни экстремизм мен терроризм идеологиясын қабылдамау иммунитетін қалыптастыру, азаматтық жауапкершілікті арттыру және қауіп-қатерге қарсы іс-қимыл тәсілдері туралы хабардарлықты күшейту. Сонымен қатар, шара «Біз – бір халықпыз!» ұраны аясында ынтымақ пен ұлтаралық келісім рухын нығайтуға ықпал етті.

Парк аумағын тазалау және көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, ағаштар отырғызылды, қоғамдық бірлік, этносаралық татулық пен толеранттылықтың маңызы жайлы әңгімелер өткізілді. Сондай-ақ, қатысушыларға лаңкестік қаупі туындаған жағдайда іс-әрекеттер бойынша нұсқаулықтар мен радикалды көзқарастардың алдын алу жөніндегі ақпараттық материалдар таратылды.
