Петропавлда Интернационал көшесіндегі пәтерден өрт шықты, зардап шеккендер жоқ
September 22, 2025 18:00

Петропавл қаласында Интернационал көшесіндегі екі қабатты тұрғын үйде өрт болды. Тілсіз жау пәтердің бір бөлмесінен шығып, шамамен 4 шаршы метр аумақты шарпыған, деп хабарлайды QZ NEWS.
Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары жедел жетті. Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекетінің арқасында жалын тез арада ауыздықталып, толық сөндірілді. Құтқарушылар келмей тұрып, үйдің 15 тұрғыны өз бетімен сыртқа шыққан, тағы 3 адамды ТЖД қызметкерлері эвакуациялады. Ресми мәлімет бойынша, өрттен ешкім зардап шеккен жоқ.
Өрттің шығу себебі анықталуда.
