Петропавловск
+21°C
Главная страница » Біздің халық » Дәнекерлеушіден инженерге дейін: Николай Кузнецов Петропавл ЖЭО-2-де өз мамандығын қалай тапты

Дәнекерлеушіден инженерге дейін: Николай Кузнецов Петропавл ЖЭО-2-де өз мамандығын қалай тапты

September 22, 2025 12:03

Құрал-саймандар мен автоматикаға жауапты инженер Николай Кузнецов – Петропавл ЖЭО-2-нің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етіп жүрген мамандардың бірі. Оның станциядағы еңбек жолы 15 жыл бұрын басталды. Осы уақыт ішінде ол газэлектрдәнекерлеушіден инженер дәрежесіне дейін көтерілді, деп хабарлайды QZ NEWS.

Отбасында сәби күткен шақта Николай тұрақты жұмыс іздеп, оны отын-тасымалдау цехынан тапты. Алайда уақыт өте келе ЖЭО-ның ішкі құрылымы қызықтыра бастады. Жылу автоматикасы және өлшеулер цехының (ЦТИ) мамандары датчиктермен және автоматтандыру жүйелерімен жұмыс істейтінін білген соң, ол оқып-білуге бел буды.

Николай ЦТИ-ға электрослесарь болып ауысып, аға әріптестерінен тәжірибе жинады. Бірте-бірте өзі де жас мамандарға тәлімгер атанып, кейін инженер қызметін иеленді.

«Менің міндетім – барлық жабдықтар, ысырмалар, датчиктер, реттегіштер ақаусыз жұмыс істеуі. Егер бірдеңе бұзылса, ақауды тез әрі нақты анықтап, жою. Тоқтап қалуға жол бермеу», – дейді Кузнецов.

Оның айтуынша, жұмыста қиындық жоқ, тек шешуді қажет ететін тапсырмалар бар. Жас мамандарға қарапайым кеңесі бар: «Қорықпау керек. Біз бәріміз әліппеден бастадық. Ең бастысы – оқуға ынта болуы және қиындықтардан қашпау керек».

Жұмыстан тыс уақытта Николай ауыр атлетикамен айналысады, бірақ басты тірегі – отбасы. Дәл осы үшін ол бір кездері маңызды қадам жасап, сүйікті ісін тапты.

Shares