Петропавлда жылу беру кезең-кезеңмен жүзеге асырылады

«Петропавл жылу желілері» ЖШС қалаға жылуды кезең-кезеңімен беруді бастайды. Қалалық әкімдіктің қаулысына сәйкес, науқан 24 қыркүйекте басталып, техникалық күрделілігіне байланысты толық процесс кемінде 10 күнге созылады, деп хабарлайды QZ NEWS.
Алғашқы күндері балабақшалар мен медициналық мекемелер жылуға қосылады. Үшінші күні – тұрғын үйлерге беріледі.

Жылу аудандар бойынша кезең-кезеңімен беріледі:
3-күн: 19 және 20 ықшамаудандар, «Борки» кенті, «Юбилейный» ықшамауданы.
4-күн: «Береке», вокзал маңы ауданы, «Жұмысшы» кенті.
5-күн: БЖ ауданы, Шухов — Мүсірепов — Набережная — Жамбыл көшелері.
6-күн: Мүсірепов — Нұрсұлтан Назарбаев — Жабаев — Алматы көшелері.
7-күн: Алматы — Абай көшелері (қаланың оңтүстік бөлігі).
8-күн: Театр — С. Мұқанов — Нұрсұлтан Назарбаев — Абай көшелері.
9-күн: Алтынсарин — Амангелді көшелерінен Жас Өркенге қарай.
10-күн: Қысым реттегіштері жоқ 9 және одан да көп қабатты үйлер.
«Петропавл жылу желілері» ЖШС жылуды қосу жылдамдығы МИБ/ПТ/НСУ-дың дайын болуына да байланысты екенін еске салады.
