Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » «Есіл-Антитеррор 2025» оқу-жаттығуларына байланысты Петропавлда қозғалысқа уақытша шектеулер енгізіледі

«Есіл-Антитеррор 2025» оқу-жаттығуларына байланысты Петропавлда қозғалысқа уақытша шектеулер енгізіледі

September 30, 2025 09:14

2025 жылғы 30 қыркүйекте терроризмге қарсы күрес бойынша Солтүстік Қазақстан облыстық штабы «Есіл-Антитеррор 2025» жедел-тактикалық оқу-жаттығуларын өткізуде, деп хабарлайды QZ NEWS.

Оқу-жаттығуларға байланысты қозғалысқа уақытша шектеулер енгізіледі:

09:30-дан 11:00-ге дейін – Театр көшесінде, К. Сүтішев көшесінен Е. Брусиловский көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс толық шектеледі;

10:00-ден 13:00-ге дейін – қозғалыс шектеледі:
•⁠ ⁠Театр көшесінде К. Сутюшев көшесінен Анастасия Прокопичева ескерткішіне дейін;
•⁠ ⁠Потанин – Батыс – Коминтерн – Мальцев көшелері қамтылған аумақта.

Бұдан бөлек, Есіл өзеніндегі СҚО ТЖД құтқару станциясы маңында да уақытша қозғалыс шектеулері қарастырылған.

«Азаматтарды уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және жұмылдырылған мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз. Ақпаратты тек ресми дереккөздерден алуды ұсынамыз және тексерілмеген мәліметтерді таратпауды өтінеміз», – делінген жедел штаб хабарламасында.

Shares