Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавл студенттері «Полиглот» зияткерлік сайысында бас қосты

Петропавл студенттері «Полиглот» зияткерлік сайысында бас қосты

September 26, 2025 11:00

Kozybaev University қабырғасында Петропавлдағы жоғары және кәсіби оқу орындарының студенттерін біріктірген «Полиглот» зияткерлік сайысы өтті. Жастар қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі білімдерін көрсетті, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Дәстүрге сай, Тіл және әдебиет институты жыл сайын «Полиглот» зияткерлік байқауын өткізеді. Оның мақсаты – жастар арасында тіл үйренуді насихаттау ғана емес, сонымен қатар Қазақстан халқының достығы мен бірлігін паш ету.

Іс-шара 4 кезеңнен тұрды, онда бірінші курс студенттері өз оқу орындарын шығармашылық қойылымдар арқылы таныстырды:

1-кезең – өзін таныстыру;
2-кезең – таңдаған ұяшық сұрақтарына жауап беретін зияткерлік викторина;
3-кезең – өз мамандықтарын және олардың мемлекет үшін маңызын таныстыру;
4-кезең – шығармашылық нөмірлерді көрсету (ән, би, театрландырылған көріністер).

Студенттер тілдік білімдерін де викторина барысында дәлелдеді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қойылған сұрақтарға жауап берді.

«Әр командада 3 түрлі ұлт өкілі студент болуы керек. Әр команда жетекшісімен бірге қатысады», – деп атап өтті Тіл және әдебиет институты.

Сайыс соңында барлық студенттер мен жетекшілерге сертификаттар табыс етілді, ал жеңімпаздар мен үздік қатысушылар дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Қазылар алқасының шешімі бойынша ең үздік команда болып ҚР Ұлттық ұланы академиясының курсанттары танылды.

Shares