Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавл соты бес баласы бар мигранттың айыппұлын азайтты

Петропавл соты бес баласы бар мигранттың айыппұлын азайтты

October 2, 2025 16:08

Петропавлда сот Қазақстанның көші-қон заңнамасын бұзған Өзбекстан азаматына қатысты айыппұл мөлшерін азайту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды QZ NEWS.

Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соттың мәліметінше, азаматты Петропавл станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері анықтаған. Тексеру барысында шетелдік Қазақстан Республикасында белгіленген болу мерзімін асырып жібергені белгілі болды. Бұл – ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 4-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық.

Аталған құқық бұзушылық фактісі бойынша сот оған айыппұл салу түріндегі әкімшілік жаза тағайындады.

«Алайда істі қарау кезінде сот құқық бұзушының бес кәмелетке толмаған баласы бар екенін ескерді. Бұл жағдай жеңілдететін мән-жай ретінде қабылданып, нәтижесінде айыппұл көлемі көзделген соманың 30%-ына дейін төмендетілді», – делінген сот хабарламасында.

Shares