Петропавловск
+21°C
Главная страница » Қазақстан » Павел Дуров Қазақстанда жасанды интеллект зертханасын ашатынын жариялады

Павел Дуров Қазақстанда жасанды интеллект зертханасын ашатынын жариялады

October 2, 2025 12:48

«ВКонтакте» әлеуметтік желісі мен Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Қазақстанда Alem AI атты жасанды интеллект зертханасын ашатынын жариялады, деп хабарлайды QZ NEWS Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Дуров Digital Bridge 2025 халықаралық форумының пленарлық отырысында сөйлеген сөзінде айтты.

«Мен бүгін, дәл осы ғимаратта жасанды интеллектке арналған арнайы Alem AI зертханасын ашатынымызды зор мақтанышпен жариялаймын. Алғашқы жоба – Telegram мен Қазақстанның Жасанды интеллект министрлігі іске қосқан суперкомпьютерлік кластері арасындағы бірлескен жұмыс болмақ. Жоба несімен байланысты? Соңғы бірнеше ай бойы біз Telegram-да жасанды интеллект пен блокчейннің тоғысындағы жаңа технологияны әзірлеп келеміз», – деді Дуров.

Telegram негізін қалаушы болашақ желі үш негізгі қағидатқа сүйенетінін атап өтті:

  • TON блокчейні қамтамасыз ететін ашықтық;
  • смарт-келісімшарттар мен еркін нарықтың динамикасы арқылы қол жеткізілетін тиімділік;
  • чип өндірудегі жаңа әзірлемелердің арқасында мүмкін болатын жекелік (құпиялық).
Shares