Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда жыл басынан бері 170-тен астам наркограффити боялды

Петропавлда жыл басынан бері 170-тен астам наркограффити боялды

October 2, 2025 11:32

Жыл басынан бері Петропавл қаласында есірткі жарнамасы бар 170-тен астам жазу жойылды. Наркограффитиді бояу жұмыстары прокуратура және полиция департаментімен бірлескен тұрақты рейдтердің аясында жүргізілуде. Бұл туралы Петропавл қалалық мәслихатының комиссиясында ішкі саясат бөлімінің басшысы Диана Попова мәлімдеді, деп хабарлайды QZ News.

Атап өтілгендей, тұрғындарға есірткінің зияны мен оның алдын алу шаралары жөнінде түсіндіру жұмыстарымен 5 мыңнан астам адам қамтылған.

«Алдын алу бағытындағы ақпарат күн сайын LED-экрандарда, қоғамдық көліктерде және халық көп шоғырланатын орындарда көрсетіледі – «Достық мол», Жамбыл-Конституция, Жамбыл – Назарбаев қиылыстары, ЦОТ, Абай көшесі (Тайга сауда орнының қарсы беті). Сонымен қатар №9, 101, 24, 2 автобустарда бейнероликтер көрсетіледі. Қала тұрғындары көп жиналатын орындарда – «Янтарь» супермаркеті, «Коммунальный» базары, «Алтын Арман» базары, «Корона» СОО, «Магнум», «Радужный», «Светофор» сауда орындарында ақпараттық роликтер орналастырылды.

Сонымен бірге билбордтарға баннерлер ілінді, жастар арасында тәуелділіктің алдын алуға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру үшін «Болашақ» корпоративтік қорымен келісімшарт жасалды. Жұмыстың маңызды бөлігі – нашақорлыққа қарсы халықаралық күнге орай ұйымдастырылған спорттық және ағартушылық іс-шаралар болды», – деді Диана Попова.

Shares