Петропавлда құтқарушылар 14 жастағы қыздың саусағынан шықпай қалған сақинаны шешіп алды
October 10, 2025 10:00

Петропавлда ТЖМ құтқарушыларына Облыстық балалар ауруханасының травматологынан ерекше хабарлама түсті: 14 жастағы қыздың саусағынан сақинасын өз бетімен шешу мүмкін болмай қалған, деп хабарлайды QZ NEWS.
Оқиға орнына құтқару жасағы жедел жетті. Арнайы құралдың көмегімен сақина абайлап алынды, ал қыз балаға қажетті көмек көрсетілді.
