Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО полицейлері жолда қан қысымы көтерілген жүргізушіні құтқарды

СҚО полицейлері жолда қан қысымы көтерілген жүргізушіні құтқарды

October 13, 2025 17:12

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері өткен демалыс күндері рөлде өзін жайсыз сезінген жүргізушіге дер кезінде көмек көрсетті, деп хабарлайды QZ NEWS.

Сенбі күні «Мамлютка – Қостанай» автожолында патрульдік полиция қызметкерлері көмекке мұқтаж жүргізушіні байқайды. Көкшетау қаласының зейнеткері Daewoo Nexia автокөлігін басқарып келе жатып, қан қысымының күрт көтерілуінен өзін нашар сезінген. Құқық қорғау қызметкерлері дереу оның көлігін ең жақын медициналық мекемеге дейін сүйемелдеп, ер адамды дәрігерлердің қолына тапсырды.

Полиция көлік құралын денсаулығы сыр берген жағдайда басқару жол-көлік оқиғасына әкелуі мүмкін екенін ескертеді, әсіресе жолаушылар тасымалдаумен айналысатын жүргізушілер үшін бұл аса қауіпті.

Өткен аптаның соңында, 10–12 қазан аралығында, СҚО полицейлері жол қозғалысы ережелерін сақтау және тәртіпті арттыру мақсатында «Тасымалдаушы» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді.

Іс-шара барысында жол қозғалысы ережелерін бұзудың 296-ға жуық дерегі анықталды. Олардың ішінде: көлікті мас күйде басқарудың 16 фактісі, 15 заңсыз тасымалдаушы әкімшілік жауапкершілікке тартылған, көлікті заңсыз қайта жабдықтағаны үшін 8 хаттама толтырылған. Ең жиі кездесетін бұзушылық – қауіпсіздік белдігін тақпау, мұндай 132 жағдай тіркелді.

Shares