Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында кең көлемде экологиялық акция өтті

СҚО «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында кең көлемде экологиялық акция өтті

October 11, 2025 15:49

Солтүстік Қазақстан облысында Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында ауқымды экологиялық акция өтті, деп хабарлайды QZ NEWS.

Экоакцияға өңірдің 243 елді мекені қамтылып, 23 мыңнан астам адам қатысты. Оның ішінде 10 мыңы – Петропавл қаласынан, ал 13 мыңы – облыс аудандарынан болды.

Қаладағы М.Жұмабаев атындағы скверде 100-ден астам ағаш отырғызылған ерекше шара өтті.

«Ең қуаныштысы – бұл іске барлық буын өкілдері, яғни жастардан бастап ересектерге дейін белсенді қатысты. Біз бірге 100-ден астам ағаш отырғыздық. Сондай-ақ облыстың Құрметті азаматтары, депутаттар, қоғам өкілдері мен студенттер атсалысты», – деді өңір басшысы.

Облыс орталығында да көгалдандыру жұмыстары «Береке», «Бірлік», «Жас Өркен» шағынаудандарында өтті. Мұнда шырша, қарағай және қайың көшеттері егілді.

Акция аясында жалпы СҚО бойынша 10 мыңға жуық ағаш отырғызылды – оның 1 мыңы Петропавлда, ал 9 мыңы аудан аумақтарында егілді. Жыл басынан бері өңірде жалпыұлттық акция шеңберінде 120 мыңнан астам көшет отырғызылған.

Shares