Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Гарри Поттерден Гогольге дейін: Петропавлда «Кітапханашының аспаздық кітабы» атты ерекше байқау өтті

Гарри Поттерден Гогольге дейін: Петропавлда «Кітапханашының аспаздық кітабы» атты ерекше байқау өтті

October 28, 2025 12:04

С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханада «Кітапханашының аспаздық кітабы» атты ерекше байқау өтті. Шараға 13 ауданның кітапханашылары қатысып, әрқайсысы белгілі әдеби шығармамен байланысты тағам түрін ұсынды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысының кітапханашылары өздерінің нағыз шебер аспаздар екенін дәлелдеді. Әр қатысушы ұсынған тағам белгілі бір әдеби туындымен астасып, шығармашылық тұрғыда безендірілді. Біреулері классикалық әдебиетке сүйенсе, енді бірі заманауи бағытты таңдаған. Бірақ барлығының дастарханы ерекше талғаммен дайындалған кулинарлық туындыларға толы болды.

Байқауға қатысқан 13 аудандық кітапхана төмендегідей «кітаптық тағамдарын» ұсынды:

 1.⁠ ⁠Айыртау ауданы – Дж. Роулинг «Гарри Поттер» — «Сиқыр дәмі»

 2.⁠ ⁠Ақжар ауданы – Б. Соқпақбаев «Менің атым Қожа» — «Балалық дәмі»

 3.⁠ ⁠Аққайың ауданы – Н. В. Гоголь «Диканька маңындағы хутордағы кештер» — «Сюжетті вареники»

 4.⁠ ⁠Есіл ауданы – «Мың бір түн» жинағы бойынша «Шығыс ертегілерінің дәмі»

 5.⁠ ⁠Жамбыл ауданы – С. Мұқанов «Ботагөз» — «Қонақ келуі»

 6.⁠ ⁠М. Жұмабаев ауданы – М. Әуезов «Абай жолы» — «Бірінші том»

 7.⁠ ⁠Қызылжар ауданы – А. С. Пушкин «Евгений Онегин»

 8.⁠ ⁠Мамлют ауданы – С. Мұқанов «Құрттың дәмі» — өлкетану бағыты

 9.⁠ ⁠Ғ. Мүсірепов ауданы – В. С. Михайлов «Пайдалы аспаздық» — «Дәстүр дәмі – кітап сөресінде»

10.⁠ ⁠Тайынша ауданы – Г. Бельгер «Көшпенді үйі» — «Достық дастарханы»

11.⁠ ⁠Тимирязев ауданы – Л. Н. Толстой «Соғыс және бейбітшілік» — “Ростовтардың дастарханынан”

Shares