Петропавлдық Максим Фоотқа Израильде емделу үшін шұғыл көмек қажет
November 1, 2025 18:30

Петропавл қаласының тұрғыны Максим Фоотқа жедел көмек қажет. Биылғы қыркүйек айында оған Юинг саркомасы диагнозы қойылған. Қазір оның отбасы Израильде өтіп жатқан қымбат емге қаражат жинап жатыр, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Максим биыл №1 гимназияны тәмамдаған. Оқу барысында өзін белсенді әрі мақсатшыл оқушы ретінде көрсетті. Гимназияны аяқтаған соң, жоғары білім алу үшін Түмен қаласындағы университетке оқуға түсті. Оқуға кіріскеннен кейін бір апта өткен соң, медициналық тексеру кезінде рентген нәтижесінде плевра қуысында жаңа түзіліс анықталған. Диагнозды нақтылау үшін түмендік дәрігерлер қабырға мен ісікті алып тастау операциясын (резекция) жасаған. Тексеру материалдары алдымен Мәскеуге, кейін Израильге жіберілген.
Сараптама нәтижелері диагнозды растады – дәрігерлер Юинг саркомасы екенін анықтаған. Дәрігерлердің нұсқаулығына сәйкес, Максимге жедел химиятерапия мен сәулелік терапия қажет. Израильдік мамандар оның емін өз қолдарына алуға келісім берген. Қазіргі уақытта Максим Израильде. Әлеуметтік желілерде жарияланған жазбалардан кейін ол өз парақшасында жағдайы жайлы бейнеүндеулер бөлісіп, арнайы Telegram-бот ашқан. Онда ол ем барысын және денсаулығы туралы жаңалықтарды бөлісіп отырады.
«Кеше менің жағдайым туралы жаңалық көп тарады, маған көптеген адамдар жазып жатыр. Барлығы уайымдап, қолдау білдіріп жатыр. Расында да, қиын жағдай болды. Мен қазір Израильдемін, бірінші химиятерапия курсынан өттім. Өкінішке қарай, асқынусыз өткен жоқ. Қазір қалпына келіп, екінші блокқа дайындалып жатырмын. Ем өте қымбатқа түсіп жатыр, сондықтан кеше қаржы жинау жарияланды», – деді Максим.
Қазіргі уақытта емге 25 000 АҚШ доллары (шамамен 13 миллион теңге) жұмсалған. Жалпы қажет сома – 100 000 доллар (шамамен 53 миллион теңге).
Максимге көмек көрсету үшін реквизиттер:
+7 777 139 86 79 (Kaspi Bank, Halyk Bank, BCC Bank)
Алушы: Юлия Ф. (анасы).
