Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-дағы атышулы қылмыс: 300 000 теңге үшін ерлі-зайыптыларды айуандықпен өлтіру

СҚО-дағы атышулы қылмыс: 300 000 теңге үшін ерлі-зайыптыларды айуандықпен өлтіру

Жауапсыз махаббат, жанжал, басқаларға қарсы наразылық, психологиялық жарақат, жеңіл ақша, жазасыздық сезімі және т.б. Адам бейтаныс адамдарды ғана емес, тіпті ең жақын адамдарын да өлтіреді. Оның көптеген себептері бар. QZ Media редакциясы әр жылдары Солтүстік Қазақстанда орын алған, аймақта ғана емес, республикада кең резонанс тудырған қылмыстар туралы баяндамақ.

2015 жылы Мамлюткадағы зейнеткерлерді айуандықпен өлтіру жайты жұртты есеңгіретіп тастады. Оқиға 25 қазанға қараған түні болған. Бұзақылар үйдің есігін темір шеге жұлғышпен бұзып кірген. Үйдің 86 жастағы қожайыны Петр Иванович қарақшыларды үйге кіргізбеуге тырысады. Бірақ ұрлықшылар дес бермеген. Осылайша, 300 мың теңгені қалтаға басқан. Кейін жеке бөлмеге кірген қылмыскерлер қарт кісілерді ломмен және шеге тартқышпен ұрып өлтірген.

Іс материалдарына қарағанда, өлтірушілер өте аяусыздық сезіммен әрекет еткен. Олар қарттардың өлі денелерін арбаға салып, көптен бері жұмыс істемей тұрған зауыттың бос жатқан аумағына апарып, құдыққа тастаған. Полицейлер иісшіл иттің көмегімен марқұмдарды тауып алды. Мәйіттерді жасырғаннан кейін жігіттер Стрельцовтардың үйінде еденді мұқият жуып, қан іздерін сүртіпті.

Ерлі-зайыптыларды айуандықпен өлтіргендері үшін кәмелетке толмағандар сотталды. Іс жабық жағдайда қаралды. Қылмыскерлердің ең кішісі небәрі – 15-те, үлкені – 17-де.

«Олардың анамыздың басымен не істегенін айтудың өзі қорқынышты. Біз табытты да ашпадық, ішіне қарау мүмкін болмады. Әкемнің де бет-жүзі бұзылып, басының жартысы зақымданған. Менің ата-анам нағыз еңбекқор еді, Мамлюткада үлкен құрметке ие болды. Варвара Ивановна тіпті еңбегі үшін 3-дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен марапатталған», – деп айтты марқұмдардың ұлы.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың үкімімен қылмыскерлер 10 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

 

Shares