Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » Сергей Кан «Қызылжар» ФК-ны бақылауға алды

Сергей Кан «Қызылжар» ФК-ны бақылауға алды

November 10, 2025 14:45

«Қызылжар» футбол клубы Қазақстандағы кәсіби спорт клубтарының ішінен жеке қаржыландыруға өтіп жатқан алғашқы ұйымдардың бірі болды. Петропавл қаласында ФК «Қызылжар» спорт бренді, инфрақұрылымы және активтерін беру туралы келісімге қол қойылды. Бұл туралы клубтың Instagram парақшасында хабарланды, деп хабарлайды QZ NEWS.
 
Бұл қадам Мемлекет басшысының кәсіби футбол клубтарын жекешелендіру тапсырмасын жүзеге асыру шеңберінде жасалған.  «Қызылжар»ФК клубының инвесторы ретінде кәсіпкер Сергей Кан анықталды.
 
Қол қойылған құжат клубтың спорттық құқықтық мұрагерлігін бекітеді, сондай-ақ команда мүшелерінің ҚФФ, FIFA және UEFA қолдауымен өтетін жарыстарға қатысуға байланысты құқықтары мен міндеттерін тапсыруды қамтиды. Сергей Кан клубтың болашағына сенім білдірді:
 
⁠«Бұл клуб пен бүкіл Солтүстік Қазақстан футболын дамытуға маңызды қадам. Жеке басқару өсімге, инвестиция тартуға және өңірдің футбол инфрақұрылымын дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады», — деді Сергей Кан.
 
Жеке меншікке беру клубтың спорттық құрамын айтарлықтай нығайтуға, қаржылық моделін оңтайландыруға және басқару жүйесін тиімді әрі икемді етуге мүмкіндік беретіні күтілуде.
Shares