Жануарлардың қаны қосылған су: Ташкент облысындағы су құбырына қалдық түсті
Өзбекстанның Ташкент облысы Алмалық қаласында бірнеше үйдегі краннан су құбырының зақымдануы салдарынан мал сою пунктінің қаны аққан. Апат жойылды, ал су зертханалық зерттеулерден кейін қосылады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде үйдегі краннан қанды су аққан видео пайда болды. Видео авторы қан сою цехының кәрізінен зақымдалған су құбырына құйылғаннын алға тартты, деп хабарлайды Gazeta.uz.
Қала әкімдігі “Рамазан”махалласының бірнеше үйінде краннан қан ағып жатқанын, оның себебі құбырдың бүлінуі мен оған құйылған қалдықтар екенін растады.
«Узсувтаъминот» кәсіпорны 20-25 жыл бұрын 15 үйдің тұрғындары ауыз су үшін диаметрі 57 мм құбырды өз бетінше тартып, соңғы жылдары қажеттілікке байланысты жөндеу жұмыстарын жүргізгенін хабарлады. Құбырдың зақымдануы салдарынан қасапханадағы қалдықтардың біразы ішіне түскен.
Кәсіпорынның Ангрен филиалының өкілі компания диаметрі 63 мм болатын 25 метрлік құбырды ауыстырып, барлық ұңғымаларды хлормен шайып жатқанын айтты. Кәсіпорын мен санитарлық-эпидемиологиялық комитет суды тексеру жұмыстарын жүргізеді, содан кейін су беру қалпына келтіріледі.