Петропавлда жас спортшылар арасында дзюдодан СҚО прокурорының кубогы өтті

Петропавл қаласында 13–14 жастағы ұлдар мен қыздар арасында дзюдодан облыс прокурорының ашық кубогы өтті. Турнир прокуратура органдары күніне орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды QZ NEWS.
Іс-шараның ашылуында облыс прокуроры Қайрат Әбдіханов прокуратура қызметіндегі басты бағдар – қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын орнықтыру екенін атап өтті.
«Бұл – ең алдымен әр адамның құқығын қорғау, әділдікті қамтамасыз ету және тең мүмкіндіктер жасау. Бұл қағидат қоғамның барлық институттарының, соның ішінде жас ұрпақтың күш-жігерін біріктіру арқылы ғана жүзеге асады», – деді Қайрат Әбдіханов.
Турнирдің басты мақсаты – саламатты өмір салтын насихаттау мен Қазақстанда дзюдоны дамыту ғана емес, сонымен қатар жастар арасында құқықтық сана-сезімді және заңға бағыну мәдениетін нығайту.

Жас спортшылар жоғары шеберліктерін, командалық рух пен жеңіске деген жігерлерін көрсетіп, спорттың жауапты азамат тәрбиелеудегі маңызды құрал екенін дәлелдеді.
