Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » Петропавлдағы «Солнечный дом» қорының үш спортшысы Түркияда өткен Спорт фестивалінде жеңімпаз атанды

Петропавлдағы «Солнечный дом» қорының үш спортшысы Түркияда өткен Спорт фестивалінде жеңімпаз атанды

26 қазан күні Ыстамбұлда Түркі әлемі арнайы спортшыларының Спорт және мәдениет фестивалі аясында үстел теннисі, жеңіл атлетика және жүзуден жарыстар өтті. Жарыста Петропавлды “Солнечный дом” қоғамдық қорынан даун синдромы бар 3 спортшы таныстырды: Валерия Казацкая, Рустам Есімов және Татьяна Швец, деп хабарлайды QZ Media тілшісі

2023 жылдың ақпан айынан бастап балалар кәсіби жаттықтырушы Елена Пахомовамен бірге “Үміт” спорт клубының құрамында жаттығады. Барлық спортшы жүгіру жарыстарына қатысып, керемет нәтиже көрсетті.

Мысалы, Рустам 10-16 жас аралығындағы ұлдар арасында 60 метрге жүгіруде жеңімпаз атанды, Валерия екінші орынға ие болды, ал Татьяна 18 жастан жоғары қыздар арасында 100 метрге жүгіруде үшінші орынға ие болды

Жарыстан кейін жүлдегерлер медальдармен марапатталып, естелік сыйлықтар табысталды. Республиканың 100 жылдығы аясында Түркияның арнайы спортшылар федерациясы мен Силиври муниципалитеті ұйымдастырған жарысқа 8 елден: Қазақстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Косово, Өзбекстан, Түркия, Солтүстік Кипр және Венгриядан 200 спортшы қатысты.

Петропавлдан барған жүлдегерлер 30 қазанда елге қайтады.

Shares