Солтүстікқазақстандық параспортшы Иван Залезняк қола медаль жеңіп алды
Қытайлық Ханчжоуда параатлеттер арасындағы ең ауқымды континенттік жарыс аяқталды. Қазақстан жалпы командалық есепте 8 алтын, 12 күміс және 21 қола медальмен 11-ші орын иеленді. Қола медальді солтүстікқазақстандық параспортшы Иван Залезняк та еншіледі, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
2023 жылы Ханчжоуда өткен Параазия ойындарында Қазақстан құрама командасы сапында СҚО-дан үш параспортшы өнер көрсетті. Иван Залезняк ядроны 12.39 метрге итеріп, қола медаль жеңіп алды. Теріскейлік Орлов Евгений ядроны итеруде алтыншы, ал диск лақтыруда бесінші нәтиже көрсетті.
Сондай-ақ, бесінші орынды 100 метрге жүгіруде Харламов Сергей иеленді. Салтанатты жағдайда жұртшылық спортшыларды Петропавлда қарсы алды.
“Біздің спортшылар мен жаттықтырушыларды лайықты өнер көрсетулерімен құттықтаймын! Жарайсыңдар, жігіттер”, – деп жазды әлеуметтік желіде дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Сергей Мелехов.